• 26/03/2023

Әлем — ортақ

Президент «Амал мерекесімен» құттықтады

Автор:Greenworld.kz

Мар 14, 2022

Бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын, бүгінде еліміздің батыс өңірінде сақталып қалған дәстүр. Шартты түрде 14 наурыз «Көрісу күні» (кейде «Қауышу күні) деп аталады. Ал халық арасында Наурыз мейрамын қарсы алу осы күннен басталады.

Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-қолаң бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады.

Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін, бір-бірімен қауышатын мерекесі ғана емес, сондай-ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін күн. Өйткені «Көрісу салты» бір күнмен шектеліп қалмайды, наурыз бойы жалғаса береді.

Жер бетіндегі тіршілік атаулы жаңаратын бұл кезеңді біздің халқымыз «Амал мерекесі» деп те атайды. Жыл сайын 14-наурызда «Амал келді, Жыл келді!» деп бір-бірін құттықтап, бір дастарханда дәм татып, ескі жылдан жаңа жылға аман-есен жеткеніне қуанған.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды «Twitter» әлеуметтік желісі арқылы құттықтады.

— Барша Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтаймын. Ықылым заманнан бері бабаларымыз бұл күнді «Амал келді, жыл келді» деп ерекше қуанышпен қарсы алған. Дәстүр бойынша осы күні қыстан аман шыққан жұртымыз төс қағысып көріскен. Жыл мерекелі де берекелі болсын! — деді.

141

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *