• 26/03/2023

Әлем — ортақ

Телевизия тарихындағы тұңғыш марафон басталды

Автор:Greenworld.kz

Мар 14, 2022

«Хабар» Агенттігі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында арнайы жоба — отандық телевизия тарихындағы тұңғыш «Жаңа күн — Жаңа Қазақстан» мерекелік телемарафонын ұсынып отыр. Тележоба бүгін, 14 наурыз күні «Хабар» арнасынан көрерменге жол тартты.
«Жаңа күн — Жаңа Қазақстан» мерекелік телемарафоны таңғы сағат 7.00-ден түнгі 00.00-ге дейін «Хабар» арнасында тікелей эфирде өтеді.
Биылғы марафон 10 санымен тығыз байланысты. Телемарафон 10 күнде 10 қайырымды іс пен 10 маңызды оқиғаны қамтымақ. Жоба аясында студияға келетін қонақтармен сұхбаттар жасалып, ұлттық спорт түрлерінен көптеген жарыстар ұйымдастырылып, жүлде таратылады және мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсетіледі.
Мереке күндері «Хабар» телеарнасы ең жарқын жобаларды көрермен назарына ұсынбақ. Мерекелік концерттер, деректі фильмдер, телехикаялар, сүйікті бағдарламалардың арнайы шығарылымдарын ұйымдастыру жоспарланған.

Іс-шараға «Tangy Habar», «Бүгін», «Большая неделя», «Қорытынды жаңалықтар» циклдік бағдарламалары мен «Түнгі хабар» кешкі шоуы атсалысады.
Эфир барысында Қазақстанның түкпір-түкпірінен тікелей қосылулар ұйымдастырылып, шет елдердегі тілшілер арқылы Наурыздың әлем елдеріндегі тойлануы туралы ақпарат беріледі.
«Жаңа күн — Жаңа Қазақстан» телемарафоны бүгіннен бастап наурыздың 23-іне дейінгі аралықта «Хабар» арнасында өтеді.

177

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *