Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, 2022 жылдың 11 наурыз күні ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
ҚР ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес эпидемиологиялық тәуекелдің «сары» және «жасыл» аймақтарында «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдануды;
әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етуді;
эпидемиологиялық ахуалға байланысты қауіп-қатердің барлық аймақтарында маскаларды міндетті түрде кию мен COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимдегі жұмысқа рұқсат беруді шектеу және вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеу жөнінде шешім қабылдады.
Орынбай Ақбота, Орал қаласы, Тасқала ауданы,
Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББ 11″А» сынып оқушысы
