• 26/03/2023

Әлем — ортақ

«Жер сағаты — 2022» экологиялық акциясы өтеді

Автор:Greenworld.kz

Мар 10, 2022

Ертең, 11 наурызда сағат 11: 00-де «Жер Сағаты — 2022 — Қазақстан» халықаралық экологиялық акциясына арналған баспасөз конференциясы өтеді.
Конференция «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ Қазақстандағы Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен (WWF) және «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ бірлесіп ұйымдастырылды.
«Жер сағаты» акциясы — бұл табиғатқа ұқыпты қарауға, планетамыздың климатын сақтауда батыл шараларға және оның шектеулі ресурстарына қамқорлық жасауға бағытталған ғаламшардағы ең ауқымды экологиялық акция. Оған бүкіл әлем бойынша 2,5 млрд-тан астам адам қатысады, акцияға 175 елден 7000 қаланың тұрғындары қосылады.
Акция бүкіл әлемде 2007 жылдан бастап Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен өткізіліп келеді. Қазақстан оған 2009 жылы еріктілердің қолдауымен қосылды. 2022 жылы бұл акция 15-ші рет, Қазақстанда 13-ші рет өткізіледі. Осы жылы акция 26 наурызда 20:30-дан 21:30-ға дейін өтеді.
Акцияның негізгі мақсаты — біздің планетамыздың табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару. Жыл сайын акцияға қатысушы барлық елдер ең өзекті, ең өткір экологиялық тақырыптарды көтеруде.
Қазақстандағы «Жер сағаты» және экологиялық тақырып туралы WWF Орталық Азия бағдарламасының директоры Григорий Мазманянц, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасы Айгүл Соловьева, Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директоры Ақзан Ширанов, «Жасыл» экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ бас менеджері Асыл Оқапова толығырақ айтып береді.
Брифинг «Sputnik Қазақстан» мультимедиялық баспасөз орталығында өтеді деп жоспарлануда.

254

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *