• 21/05/2022

Әлем — ортақ

Бас премьер: «Сұр» майнерлерді мәжбүрлі түрде өшіру керек

Автор:Greenworld.kz

Мар 11, 2022

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Су кеңесінің алғашқы отырысын өткізді. Отырыста Қырғыз Республикасымен электр энергиясымен тауар алмасу және Қазақстанның оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Қазақстанда су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Су кеңесі құрылды. Кеңес су шаруашылығы саласындағы саясаттың ұлттық басымдықтары мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге бағытталған.

Қазақстан мен Қырғызстан тараптары электр энергиясы және сумен қамтамасыз бойынша тауар алмасу туралы өзара тиімді шарттарда уағдаластық жасасты. «Қазақстанның оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз етуге басымдық беріледі. Әлеуметтік тыныштық пен азаматтардың әл-ауқаты – Үкіметтің негізгі міндеті. Бұл мәселе ерекше бақылауда», – деді Ә. Смайылов. ҚР Энергетика министрлігіне Қазақстанда электр энергиясының тапшылығына жол бермеу және сұр майнингке қатысты қатаң шаралар қолдану тапсырылды.

«Сұр» майнерлерді мәжбүрлі түрде өшіру керек», – деді ҚР Премьер-министрі.

59

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.