• 26/03/2023

Әлем — ортақ

Қажырлы еңбек – үлкен нәтиже

Автор:Greenworld.kz

Май 11, 2022

Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні Дүниежүзілік «EXPO – 2020 – Dubai» көрмесінің жұмыстары таразыланып, «EXPO Awards» марапаттарын тапсыру рәсімі өтті. Аталмыш шарада Қазақстан павильоны «EXPO 2020 Dubai» көрмесінде «Топ-10» павильондары қатарында. Жалпы, көрме ашылғалы павильонды 1 млн 617 мың адам тамашалады» дейді компания мүшелері.

«QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ-дан мәлім еткендей, сынға түскен «Көрме тақырыбын ашу» аталымы бойынша бірінші орынды Германия, үшінші орынды Италия иеленді. Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны әлемнің 192 елі арасында 2-орынға ие болып, басты жүлде «Көрме тақырыбын ашу» аталымы бойынша күміс жүлдені қанжығалады. Сондай-ақ, «Exhibitor Magazine» журналының нұсқасы бойынша «Best Presentation» номинациясында бірінші орынды және «Best Large Pavilion» номинациясында үшінші орынды жеңіп алды.

Ақбота Орынбай, Орал қаласы, Тасқала ауданы,

Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББ 11 «А» сынып оқушысы

127

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *