• 27/03/2023

Әлем — ортақ

Экологиялық сараптама нәтижесімен ескертпелер анықталды

Автор:Greenworld.kz

Ноя 23, 2021

Қызылорда облысы бойынша экология департаментімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтерге талдау жұмыстары жүргізілді.

Талдау нәтижесіне сәйкес Департаментпен 2021 жылдың 10 айында 262 жобалық құжат қаралса, оның 181-іне оң қорытынды, 27-сіне теріс қорытынды берілген. Ал 54 жобалық құжаттама алдын-ала сараптама сатысында кері қайтарылған.

Осы ретте мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижесімен теріс қорытынды беруге негіз болған ескертпелер негізінен табиғат пайдаланушылар мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалаушы кәсіпорындар тарапынан методикалық нұсқаулықтардың, ережелердің, экологиялық талаптардың сақталмауынан екендігі анықталды. Осылайша талдау барысында мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде жобалық құжаттамаларға келісім берілмеу себептері анықталып, оған негіз болған жиі қайталанатын ескертпелердің тізімі жасақталды.

Олар негізінен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидасына сәйкес өтінімдердің дұрыс толтырылмауы, эмиссиялар нормативтерін айқындау кезінде жобамен белгіленген көрсеткіштердің шектерінде соңғы 2-3 жыл үшін жабдықтың іс жүзіндегі жүктемесінің есепке алынбауы, қалдықтарды орналастыру нормативтерінің дұрыс есептелмеуі, жобалық құжаттамаларда қалдықтарды уақытша сақтау мерзімдерін қарастырмауы және т.б. экологиялық талаптардың сақталмауы болып табылады.

Осы ретте мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қоршаған ортаға әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау барысында жоғарыда аталған кемшіліктерді ескеру қажет екендігін қоршаған орта саласындағы жобалаушы кәсіпорындардың және табиғат пайдаланушылардың назарына саламыз.

Сонымен қатар, алдағы уақытта жоғарыда аталған кемшіліктердің орын алмауын қамтамасыз ету мақсатында қоршаған орта саласындағы жобалаушы кәсіпорындар мен табиғат пайдаланушыларға экологиялық білім беру, кадрлардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды ұсынамыз.

Гүлназым АХМЕТОВА,

Қызылорда облысы бойынша экология департаменті

Экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы

212

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *