GREENWORLD.KZ
Сыбайластықты болдырмаудың басты бағыттарының бірі – халыққа көрсетілетін қызмет сапасын мейлінше арттыру, бүкіләлемдік стандарттарға жеткізу. Бұл барлық мемлекеттік органдарға тән құбылыс. Яғни, сапасыз қызмет сыбайластыққа алып келуге тікелей бағыттайтын жол екендігі түсінікті болуы қажет. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру – сыбайлас жемқорлықты азайтудың жолы.
Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Қызылорда облысы бойынша экология департаментімен мемлекеттік қызметті көрсету барысында оның сапасының жоғары деңгейде болуына, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесіне аса мән берілуде. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру бағытында жүргізіліп жатырған жұмыстар сыбайлас жемқорлықты жеңу жолдарының бірі болып табылады. Департаментте мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қазіргі кездегі маңыздылығы жөнінде үнемі жиналыстар өткізіліп, қызметкерлер арасында түсіндірмелер жүргізіліп отырады. Соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету барысында артық құжатты сұрау және заңсыз іс-әрекеттерге жол беру фактілерінің орын алмауы үшін қазіргі кезде үнемі ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазіргі кездегі мемлекеттік қызмет көрсету сапасының неғұрлым жоғары деңгейде болуы соғұрлым сыбайлас жемқорлықты болдырмауға септігін тигізетіні айқын.
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында ірі табиғат пайдаланушылырының және экологиялық қауіптілігі жоғары объектілердің жобалық құжаттамалары сарапшылық кеңесімен қаралады. Кеңес отырысы нәтижиесімен кеңес мүшелерінің жобаға қатысты ұсыныс-пікірлері тыңдалып мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижиесімен ескеріледі.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 4-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Департаментте мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары арнайы «Табиғат пайдаланушыға көмек» бұрышына орнатылған. Қызмет көрсету барысында табиғат пайдаланушылардың туындаған мәселелері бойынша жүгінуі кезінде Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсететін мамандары түсініктемелер береді.
Департамент бойынша 23-02-44 сенім телефоны жұмыс істейді.
Жанар БОЛАТОВА,
Қызылорда облысы бойынша
экология департаментінің
экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы
