• 21/09/2021

Әлем — ортақ

2025 жылға қарай 100 мың ІТ маманы даярланады

GREENWORLD.KZ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында цифрландыру бойынша көптеген тезистер айтылды. Үкімет «DigitEL» ұлттық жобасын белсенді пысықтауда. Бұл жобаның назарына не алынады, ол азаматтардың нақты қандай мәселелерін шешеді? Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбақин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен дөңгелек үстелде айтып берді.

«Жылдан жылға цифрландыруға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл енгізілетін реформалардың негізгі құралы, экономикалық өсуді тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрал. Өткен жылы Жолдауда айтылған Президенттің тапсырмасы бойынша ұлттық жоба қолға алынды. Егер құрылымға пирамида сияқты қарайтын болсақ, онда инфрақұрылым негізге алынады — бұл интернет, жаңа технологияларды қолдана отырып деректерді өңдеу желісін құру. Келесі деңгейде — мемлекеттің бизнеспен және азаматтармен өзара іс-қимылы, сондай-ақ бизнестің өзімен цифрландыруды ынталандыру. Одан кейінгі деңгейде — мемлекеттік органдар мен бизнестің тиімділігін арттыру үшін аналитиканы қолдану. Кешенді түрде — бұл пирамида цифрлық үкімет деп санауға болады», — деп түсіндірді спикер. 


5 минут ішінде цифрлық қызмет көрсету, түрлі мемлекеттік органдарға бару мен қажетсіз анықтамалардан арылу – министрлік үшін ең аз міндет. Бұдан басқа, медициналық деректерді цифрландыру, компьютерлік томография суреттерінің бірыңғай қоймасын құру жоспарлануда. Өткен жылы КТ түсірілімдерін шешу үшін жасанды интеллекті қолдану жүйенің тиімділігін арттырды және дәрігерлер жетіспеген кезде сәйкессіздікті азайтты. Бұл технология қазіргі кезде онкологиялық ауруларды талдау үшін қолданылуда. Болашақта барлық медициналық ұйымдар қамтылатын болады. Әлеуметтік салада барлық төлемдер мен қызметтерді проактивті форматқа көшіру белгіленген. Білім және ғылым министрлігімен де бірге жұмыс істеу жоспарланған. 


«Келесі блок — IT саланы дамыту. 2025 жылға қарай 100 мың білікті кадр даярлау міндеті тұр. Осы жылдар ішінде білім беруге 20 мың ваучер берілетін болады. Білім министрлігі білім беру бағдарламаларын жаңарту және ескі тәсілдерден жаңасына көшу үшін оларды пысықтауда. Сондай-ақ ЖОО-лар мен студенттерді өз қамқорлығына алуы үшін IT компанияларды тарту жұмыстары жүріп жатыр. Мектептерде білім беруде бағдарламалау бойынша құралдар енгізілуде. Бүгінде Шығыс Қазақстанда пилоттық жоба қолға алынды. Мектеп оқушыларын оқытатын ІТ мамандары тартылуда. Тағы бір үлкен блок — бұл бизнестің технологиялық инновациялық дамуы. Экономиканың нақты секторын цифрландыру бойынша ынталандыру шаралары енгізілуде», — деп түйіндеді цифрлық ведомствоның өкілі.

17

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *