• 12/08/2022

Әлем — ортақ

Әлемдік аренада тоғысқан МАҚСАТ пен ДОСТЫҚ

Автор:Greenworld.kz

Сен 22, 2021

GREENWORLD.KZ

Биыл тәуелсіздігіне 30 жыл тола­тын Қазақстанның халықаралық аренадағы орны, өзге мемлекеттермен тең және тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекет­тердің көптігімен дәлелденіп отыр. Отыз жылдан бері республика әлем­нің 130-дан астам мемлекетімен дип­ломатиялық қарым-қатынас орнат­ты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан айма­ғы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарда тұрғаны да рас. Қазақстан екпінді даму қарқынының нәтиже­сінде ipi трансұлттық корпора­ция­лардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығын тудырып  отыр. Оған себеп жоқ емес, өйткені Қазақ­стан – Орталық Азиядағы геогра­фия­лық сипаты бойынша ең ipi мемлекет, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің ел – аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек.

Осы күннің өзінде қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орта­лық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, Ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруға бағытталып отыр. Бұл тұр­ғыда 2006-2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға бас­ты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсті. Осылайша еліміздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге орнықты. Айта кетейік, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты өмір бойы Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға сыртқы саясаттың аса маңызды мәселелері бойынша бастамалар жасау құқығы тиесілі. Осы ретте Тұңғыш Президенттің Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық әл-ауқатын арттыруға, сыртқы байланыстарды нығайтуға бағытталған жұмыстарының бір бөлігін сара­лап өткенді жөн көрдік.

– Тәуелсіздіктің ең алғашқы күндерінен бастап мен ұлы Абай атамыз­дың «Кімге достығың болса, достық достық шақырады» деген дана қағидасын басшылыққа алып, әлемнің барлық мемлекетімен арадағы келі­сім мен достыққа, өзара сенім мен ықпалдастыққа негізделген саясат ұстандым. Егемендіктің бастапқы жылдарында іргелес елдердің бәрімен тату қарым-қатынас орнатып, ше­кара мәселесін түбегейлі шешкеннен кейін түрлі деңгейдегі ынтымақтас­тық ұйымдарын құруға бастамашы болғанымның басты себебі де сол еді. Еуразия экономикалық одағын, «Шанхай» ынтымақтастық ұйымын, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті құрып, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы­ның тарихи саммитін, «Ас­тана» экономикалық форумы мен бүкіләлемдік «ЕХРО» көрмесін  өткізу шараларының  бәрі – Қазақстан мен дүниежүзі мемлекет­тері арасындағы өзара достық пен сенімге негіз­делген байланысты, экономикалы ынтымақтастықты нығайту үшін жасалды. Өмірдің өзі, дәл бүгінгі қалып­тасқан жағдай біз ұстанған бірігу мен бірлесуге негізделген саясаттың бірден-бір дұрыс жол екендігіне көзімізді жеткізіп отыр, – деген еді Елбасы 2020 жылы Қазақстан халқына жолдаған Үндеуінде.

Тұңғыш президент Н.Назарбаевтың тиімді сыртқы саяси доктринасының нәтижесінде соңғы жылдары еліміз көрші алпауыт мемлекеттермен – Ресеймен және Қытаймен, сондай-ақ, Орталық Азия республикаларымен тату көршілік белдеуін құрды. Ынтымақты, көпвекторлы және бейбіт саясатты жүзеге асыра отырып, Қазақстан БҰҰ-ның құрметті және жауапты мүшелерінің қатарынан лайықты орын алды. Бұл туралы Елбасы ел алдында сөйлеп жүрген сөзінде халықаралық аренада бір-біріне қолдау көрсетудің маңыздылығы туралы үнемі айтады. Өйткені ол тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстанның сыртқы саясатын, дипломатиялық қарым-қатынасын реттеп, жүргізіп келе  жатыр.

– Дәл қазір бүкіл адамзат жол­айрықта тұр. Әлемдік геосаясатты, экономиканы, экологияны, қоғам өмірінің сан алуан саласын қамтып, тізбектеле келген, бұрын-сонды болмаған проблемалар әлем мемлекеттерінің қарым-қатынасын да өзгерте бастады. Үнді халқының ұлы гуманист қайраткері Махатма Ганди: «Әлемді өзгерту үшін әуелі өзіміз өзгеруіміз керек» деген екен. Кеше ғана бір-бірін аяқтан шалып, жағадан алып, «санкциялық соғыстарға» жол ашқан мемлекеттер енді өзара көмек қолын созысуда. Бұл – жаһандық деңгейдегі үлкен өзгерістердің бастауы, – деп Елбасы Н.Әбішұлы әлем елдерінің мақсат-мұраты жол­айрықта тұрса да ортақ арнаға тоғысып  жатқанын  айтты.

Оған дәлел, төтеннен келген пандемия кезеңінде де халықаралық байланыс үзілген жоқ. Керісінше, ортақ миссия, ортақ күш жұмылдыру арқылы қиын жағдайдан шығу үшін бір-бірін бірлесуге шақырды. Яғни, коронавирус пандемиясына қарсы күресу үшін БҰҰ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, G7, G20 және басқа елдер мен халықаралық ұйым­дар  тарапынан  айтарлықтай күш-жігер жұмсалып жатқандығын естіп,  көріп  отырмыз.

– …Болашақ үшін, алда күтіп тұрған осындай алмағайып замандар сынағын еркін еңсеру үшін көп қаржы-қаражат салып, зор жауапкершілікпен атқарылған реформалардың дұрыс болғанын өмірдің өзі дәлелдеді. Біздің Ата заңымыздың бірінші бабында: «Қазақстан Респуб­ликасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі», – деп нақты жазылған. Сондықтан елімізде денсаулық сақтау саласын дамытуға айрық­ша көңіл бөлінді. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын қабылдап, барлық өңірде бұрын болмаған жүздеген заманауи ауруханалар мен емханалар салдық. Елордада әлемдік деңгейдегі ең озық техникалармен жарақталған аса ірі ғылыми-медици­налық орталықтар ашып, оның мамандарын әлемнің ең дамыған елдерінде тәжірибеден өткіздік және «Болашақ» бағдарламасы аясында оқыттық.., – деген Елбасының сөзі бұл індетпен күресудегі жұмысты одан әрі жалғастыруға жігер берді.

Естеріңізде болар, 2018 жылы Брюссельде өткен «Азия-Еуропа» саммитінде (АСЕМ) және 2019 жылы Пекинде өткен «Бір белдеу, бір жол» екінші форумында сөйлеген сөздерінде Елбасы Ресей, Қытай, АҚШ және Еуропалық Одақ арасында диа­лог құруға бастамашы болды. Сондықтан, Елбасы Ресей, Қытай, АҚШ және Еуропалық Одақ басшыларының адамзат болашағы, халық­аралық тұрақтылық пен қауіп­сіздік алдындағы ерекше жауапкершілігін сезінген саяси тұлға ретінде әлемге танымал. Өзінің «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» мақаласында Н.Назар­баев: «Енді бізге кедергілер тудыруға емес, бүкіл адамзат өркение­тін дамытуға ықпал ететін жаңа саясат қажет» деген болатын. Демек, алдағы уақытта да Қазақстанның халық­аралық саясаттағы айқын ролі маңызды құжаттарға жол бастауы әбден мүмкін. Ал, бұл қадамды өркен­иет көшіне ілесу үшін жасал­ған мүмкіндіктің бір ғана бөлшегі деп  қабылдаған  жөн.

201

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.