• 21/09/2021

Әлем — ортақ

Аралда қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай жарияланды

GREENWORLD.KZ

Қызылорда облысы Арал ауданында қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай жарияланды. Биыл жайылымға шөп шықпай, 500-дей бас мал аштан қырылған еді. Мал азығы әлі де өзекті мәселе болып тұр, — деп хабарлайды «Qazaqstan» ұлттық арнасы.

Қиындыққа тап болған аралдықтарға мемлекет тарапынан қолдау берілмек. Бірінші кезекте жем-шөп қорын жинап алу көзделіп отыр. Мамандар есебі бойынша ауданға 205 мың тонна мал азығы қажет. Ол Ақтөбе облысынан және аймаққа жақын аудандардан тасымалданады. Ал жанар-жағармай шығынын жергілікті билік өтеп береді. Сондай-ақ, 15 елді мекеннің мал жайылатын аумағынан су асты көздерін ашып, қурап бара жатқан көлдерді қайта қалпына келтіру бойынша кешенді шаралар қолға алынады. Жағдайды тұрақтандыруға 1 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалмақ.

Серік Сермағамбетов, Арал ауданының әкімі:
Жем-шөпті дайындау мақсатында, шабындық жерлерді ұлғайту мақсатында 8 каналды тазалауды жоспарлап отырмыз. Бұл өз кезегінде Ақшатау, Қамыстыбас көлдер ретке келтіруге септігін тигізеді. Жанар-жағармай шығындарын өтейтін боламыз, келіп жатқан шөптердің.

Әділбек Серікұлы

90

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *