• 20/01/2021

Әлем — ортақ

Қазақстан пайдалы қазба бойынша жетекші орында

Автор:Nurbike Qazi

Ноя 30, 2020

GREENWORLD.KZ

Бүгін «Қазақстан-Канада» Іскерлік кеңесінің IV пленарлық отырысында Мағзұм Мырзағалиев екі ел арасындағы әріптестікті дамыту бойынша әрі қарайғы нақты регламентацияларды қамтитын 2021-2022 жылдардың Жол картасын әзірлеуге тапсырма берді, — деп хабарлайды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

Айта кетейік, Іскерлік кеңес Қазақстанға инвестиция салуға, геологиялық барлауға технологиялар енгізуге мүдделі Канада компанияларымен жақынырақ қарым-қатынасқа арналған диалог алаңы рөлін атқарады. Алдында осы қараша айында Энергетика және табиғи ресурстар жөніндегі Жұмыс тобы отырысы аясында Экология министрлігі өкілдері геология саласындағы инвестицияық мүмкіндіктерді көрсетіп, бірлесе жүзеге асыру үшін нақты жобаларды ұсынған. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық келісімді тереңдете түсуге келісті, сондай-ақ Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді. Экология министрі Жұмыс тобы жетекшілеріне алдағы екі жылға арналған тиісті Жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Министрдің сөзінше, Қазақстан пайдалы қазбалар қоры бойынша әлемде жетекші орын алады. Әлемдік вольфрам қорының 63%-ы, хромның 48%-ы, уранның — 12%-ы, күмістің – 6%-ы, мыстың – 4%-ы Қазақстанда.
Мағзұм Мырзағалиев елімізде көптеген пайдалы қазбалар кен орындары ашылып жатқанын атап өтті (алтын, мыс, мырыш, қорғасын, темір, марганец және т.б.). Бұдан бөлек, орталық солтүстік, шығыс және оңтүстік өңірлерде жаңа алтын кен орындары, орталық пен оңтүстікте, Ресей, Қытаймен шекаралас аймақтарда қорғаныс-мырыш кендері ашылуы мүмкін. Кен орындарыың потенциалы геологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде кеңеюі ықтимал.

Мысалы, мыстың ірі кен орнының бірі «Бесшоқы». Оның шығыс бөлігінде мыстың болжалды қоры 1 млн тонна. Wardell Armstrong International халықаралық консалтингік компаниясының есебінде осылай делінген.
Министр Қазақстандағы алтынның ірі кен орындары ретінде «Боршетукен» мен (40 тонна), «Ақкенсені» (100 тонна) атап отыр.

Көмірсутекке келер болсақ, геологтар республика аумағында 15 келешегі зор газ мен мұнайдың шөгінді алабын анықтаған. Олардағы ресурс қорының шартты көлемі – 76 млрд. тонна. Мұнай-газ саласында шөгінді алаптар бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы құқық конкурс арқылы беріледі.

Іскерлік кеңес аясындағы Кездесу қорытындысы бойынша Мағзұм Мырзағалиев канадалық компанияларды әріптестікке шақырып, Қазақстандағы бірлескен жобаларды сәтті жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Тиісті келіссөздерді өткізу үшін министр үкіметтік деңгейде диалог алаңын құруды ұсынды. Канада тарапынан екі ел арасындағы сауда-экономикалық әріптестік бойынша Үкіметаралық комиссия құрудың мүмкіндігін қарастыруды өтінді.

77

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *