GREENWORLD.KZ
ҚР Экологиялық кодекстің 238-бабының 1-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жерді пайдалану кезінде жердің ластануына, жер бетінің қоқыстануына, топырақтың тозуына және сарқылуына жол бермеуі тиіс.
Экологиялық кодекстің 238-бабының 9-тармағына сәйкес елді мекендердің аумағында көктайғаққа қарсы күрес үшін ас тұзын пайдалануға тыйым салынады.
Елді мекен аумағында ас тұзын қолдану топырақтың құнарлы қабатының жойылуына және минералдану (тұздану) деңгейінің жоғарылауына әкеледі, бұл нақты жағдайда өсімдіктерге және тұтастай алғанда экожүйеге теріс әсер етеді.
Көктемгі кезеңде еру басталғанда қардың еруі салдарынан натрий хлоридінің тұзы еріген сулармен бірге топыраққа түсіп, өсімдіктердің тозуына, дегенерацияға, жерүсті суларының сортаңдануына және ластануына әкеп соғады.
Атмосферадағы жоғары концентрацияда тұз адамның жүйке және иммундық жүйелеріне де әсер етеді.
Мұзбен күресудің баламасы ретінде гранит, мәрмәр чиптерін немесе құмды қолдануды қарастыруға болады. Сонымен қатар, үгінділерді жинап, кейіннен қайтадан қолдануға болады, бұл қаражат пен табиғатты бір уақытта үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзу ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 324-бабына сәйкес ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қызылорда облысы экология департаментінің баспасөз қызметі
