• 20/01/2021

Әлем — ортақ

Жыл сайын 100 вагон сатып алынады

Автор:Nurbike Qazi

Ноя 27, 2020

GREENWORLD.KZ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ паркін жаңарту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жыл сайын 100 жаңа вагон сатып алу көзделген. Биыл сатып алынған 50 бірлік қазақстандықтарды тасымалдауда.

Вагондар келесі бағыттар бойынша бөлінген:

Нұр-Сұлтан – Арқалық (14),

Нұр-Сұлтан – Семей (8),

Атырау – Маңғыстау (18),

Алматы – Жезқазған (10).

Ағымдағы жылдың соңына дейін Қызылорда – Семей, Алматы – Өскемен, Нұр-Сұлтан – Семей, Алматы — Маңғыстау бағыттарының жолаушыларын қуантатын тағы 50 жаңа жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланып отыр.

Өткен жылы «ҚТЖ» ҰК » АҚ 109 вагонды жаңартты.

Осы уақыт ішінде жүк темір жол көлігімен 340 млн тонна жүк тасымалданды. Жүк айналымы 247,8 млрд ткм деңгейінде тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6% — ға артты.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

56

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *