• 26/03/2023

Әлем — ортақ

«Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті

Автор:Greenworld.kz

Апр 2, 2022

Бүгін жоспардан тыс «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы Зеренді аудандық әкімдігінің мәжіліс залында өтті.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қадыров Данияр Рамазанұлы, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» КеАҚ Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі Проректоры Байтүк Ғалым Симбекұлы,«Қазақстан қоғамдық даму институтының» КеАҚ Басқарма Төрағасы Майгельдинов Қазбек Өмірзақұлы, Зеренді Ардагерлер кеңесінің Төрағасы Аубакиров Теміртас Рамазанұлы, Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Габдуллина Райхан Касымқызы, Зеренді аудандық мешітінің бас имамы Баужанов Хабзат Хасенұлы, Зеренді ауданы Қоғамдық кенесінің Төрағасы Дюсембекова Ботагоз Байназарқызы және де партия мүшелері, медиаторлар, ауданның ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Эксперттік клубтың отырысында қатысушылар Мемлекет басшысы Жолдауын жүйелі жаңғыртуға өз пікірлерін белсенді білдіріп, еліміздің өткен саясаты мен алдағы мақсаттарына тоқталып, елді одан әрі дамытуға, адам құқықтарын қорғауға бағытталған бастамаларын, сондай-ақ, Жолдауда белгіленген міндеттерді шешу жолдарын талқылады.

298

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *