• 21/05/2022

Әлем — ортақ

Қазақстан әскері оқу дабылымен дайындық жасайды

Қазақстан әскерінің әскери бөлімдері мен құрамалары оқу дабылымен көтерілген соң бөлімшелерді полигондарға жібереді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан әскерінің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында Қарулы күштерде әскерлердің бақылау тексерісі жалғасуда.

Одан бөлек, құрамалар мен бөлімдер тұрақты орналасу пункттерінен шығып, жауынгерлік техникамен оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін оқу-жаттығу полигондарына марш жасайды.

Әскери техника автокөлік жолдарымен және арнайы жабдықталған лектермен қозғалады.

Бірқатар әскери бөлімдер теміржол көлігімен жылжымалы құрам платформаларын пайдалана отырып, белгіленген жерлерге жеткізіледі.

Әскерлерді бақылаудың бұл түрі әскери бөлімдердің жауынгерлік даярлығын, олардың алыс қашықтыққа жету қабілетін, техника мен қару-жарақтың, жеке құрамның дайындығын, сондай-ақ командирлердің ұрыс кезінде бөлімшелерді басқару қабілетін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.

60

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.