• 28/01/2022

Әлем — ортақ

Жарық неге өшті?

GREENWORLD.KZ

Соңғы уақытта облыста электрмен қамту жүйесінде арнаулы шектеу қойылуда. Негізгі себебі – электр энергиясының тапшылығына байланысты болып отыр. Осы себепті бірнеше елді-мекендерде 17:30 дан 20:30-ға дейін электр энергиясы уақытша шектеледі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Жаңабаев мәлімдеді.

Ерлан Мақсотұлының айтуынша, облыстың жалпы электр энергиясын тұтыну көлемі шамамен 172 МВ құрайды. Оның 29 пайызы «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесі қамтыса, 6 пайызы «СКЗ-U» ЖШС өндіреді. Қалған 65 пайызы сырттан алынады. Электр энергиясымен қамтамасыз ететін «Самұрык-Энерго» акционерлік қоғамына қарасты Екібастұз ГРЭС-1, ГРЭС-2 және Мойнақ ГЭС электр станцияларының электр энергиясын өндіру көлемінің шамадан тыс жүктелуіне байланысты шектеулер қойылды. Бұндай шектеулер облыста 3 қарашадан басталды.

Алдағы уақытта оңтүстік аймақтарда электр энергиясын өндіруші станциялардағы энергия тапшылығы және қуаттың жетіспеушілігінен уақытша шектеулердің орын алатындығын хабарлаймыз. Шектеулер уақыты 17:30-дан 20:30-ға дейін болады.

«Шектеудің негізгі себебі – еліміз бойынша электр қуаты жетіспеуде. Өйткені, Мойнақ су электр станциясында ақаулар пайда болды. Бұл уақытша екенін айтқым келеді. Қазір оңтүстік өңірлер бойынша орта есеппен 200 МВ шамасында жетіспейді. Шектеулер келесі елді мекендерде жүргізілуде: Арал АЭТ – Аманөткел, Көктем, Аққұлак, Бөген, Ақлақ, Қарашалаң, Жаңақұрылыс. Қазалы АЭТ – Басықара, Ақсуат, Байқожа, Майлыбас, Кожабақы, Түктібаев, Бекарыстан би, Кәукей, Бозкөл, Өркендеу, Майдакөл, Жалпақ, Бірлік, Аранды, Қазалы қаласы. Қармақшы АЭТ – Қорқыт, Төребай би, III-Интернационал, Жаңажол, Қуаңдария, Жаңақала, Иіркөл, Ақжар, Тұрмағанбет, Ақтөбе, Көмекбаев, Алдашбай Ахун. Жалағаш АЭТ – Шаменов, Қаракеткен, Далдабай, Таң, Жаңаталап, Мәдениет, Аққыр, Мақпалкөл, Мырзабай, Еңбек, Бұхарбай батыр, Жаңадария, Ақарық. Тереңөзек АЭТ – Іңкәрдария, Ақжарма, Қарақасқа. Шиелі АЭТ – Алмалы, Ботабай, 1-май, Бірлестік, Бестам, Қарамұрын, Сұлутөбе, Бала би, Тартоғай, Досбол би, Қарғалы, Жансейіт, Телікөл. Қызылорда қаласы бойынша КБИ, Коммунизм, Шанхай, Наурыз, Сабалақ, Сәулет, Саяхат, Шұғыла, Белкөл, Водозобор, Астана-1 мөлтек ауданы», — деді «Қызылорда электр тарату тораптары» компаниясы АҚ басқарма төрағасы Мұхиджан Исмайылұлы.

67

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.