• 27/03/2023

Әлем — ортақ

Жалған вакцина салғанға жаза бар

Автор:Greenworld.kz

Июл 2, 2021

GREENWORLD.KZ

Вакцинация паспортын қолдан жасағандар қылмыстық жазаға тартылады. ІІМ қанша жағдай анықталғанын және олар қалай жазаланатынын айтты.

Мұндай әрекет үшін жауапкершілік ҚР ҚК-ның 385-бабында көзделген.

— Бап санкциялары 2 000 АЕК-ке (5,8 млн тг) дейінгі айыппұл түрінде не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі айға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды көздейді, — деді ІІМ баспасөз қызметі өкілі.

Егер заң бұзу дерегі бір жыл ішінде қайталанса, сондай-ақ вакцинация паспортын қолдан жасау әрекетін адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жүзеге асырса, айыппұл 4 000 АЕК-ке дейін өседі. Бұл — 11,6 миллион теңге. Сондай-ақ, тәртіп бұзушыларды 1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға болады.

Жаза жалған вакцинация паспортын алғандар үшін де қарастырылған.

1434

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *