• 21/09/2021

Әлем — ортақ

Зағип альпинист Эвересті бағындырды

Автор:Greenworld.kz

Июн 8, 2021

GREENWORLD.KZ

Қытайлық альпинист Чжан Хун Эвересті бағындырған Азиядағы бірінші және әлемдегі үшінші зағип адам болды, деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Әлемдегі ең биік шыңға ол 24 мамырда үш гидтің сүйемелдеуімен көтерілді. Ал 3 маусымда олар Катмандудағы альпілік лагерьге оралды. 46 жастағы альпинистің айтуынша, оны 2001 жылы 8849 метрлік тауды бағындырған алғашқы зағип альпинист, америкалық Эрик Вайхенмайердің шыңға шығуы шабыттандырған. Хун бұл жорық үшін бес жыл дайындалды.

— Менің ойымша, бүкіл әлемде және Азияда көру қабілеті нашар адамдар көп және менің жасаған ісім олар үшін шабыт береді деген үміттенемін, — деді Хун.

Қытай азаматының ендігі жоспары — жеті құрлықтағы ең биік тауларды бағындыру, сонымен қатар оңтүстік және солтүстік жартышарға бару.
— Сіз мүгедексіз бе, жоқ па, көру қабілетіңіз жоғалды ма, аяғыңыз бен қолыңыз жоқ па маңызды емес. Егер ақыл-ойыңыз күшті болса, сіз әрқашан басқа адамдар жасай алмайтын нәрсені істейсіз, — деді ол.

49

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *