• 19/10/2021

Әлем — ортақ

Қазақстандықтар банктерге 7 триллион теңге қарыз

Автор:Greenworld.kz

Май 16, 2021 , ,

GREENWORLD.KZ

Несиелік берешектің басым бөлігін тұрғын үй кредиттері құрайды, оның мөлшері бір жыл ішінде 600 миллиард теңгеге ұлғайған.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың банктер алдындағы берешегі 7,1 триллион теңгеден (16,6 миллиард доллар) асты», — деп хабарлайды «QazEconomy» Телеграм каналы Еуразиялық экономикалық комиссия қаржы статистикасы бөлімінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

2020 жылы Қазақстанда ипотека бойынша берешек 600 миллиард теңгеге (1,4 миллиард доллар) өсті.

ЕЭК мамандарының есебінше, елде тұрғын үй несиелерінің көлемі бір жылда 1,8 триллионнан (4,2 миллиард доллар) 2,4 триллион теңгеге (5,6 миллиард доллар) дейін ұлғайған.Бұл ретте мерзімі өткен қарыз 20 пайызға (60 миллиардтан 71,5 миллиард теңгеге дейін) артты.

Сарапшылар статистиканы салыстыру үшін ЕАЭО-ға мүшеге барлық елдің кредиттік берешегін конвертациялады. Нәтижесінде ипотекалық қарыздар бойынша ең көп берешек Ресейде – 123,2 миллиард доллар екені анықталды. Екінші орында – Қазақстан, бұл елде тұрғын үй несиесінің көлемі 5,6 миллиард доллар. Беларусь 3,8 миллиард доллармен үшінші орынға жайғасты.

Айгерім ЕСІМХАН,

                            №12 орта мектеп-гимназиясының  11 сынып оқушысы,

Талдықорған қаласы

218

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *