• 20/01/2021

Әлем — ортақ

2024 жылы мұнайды терең өңдейтін зауыт салынады

Автор:Nurbike Qazi

Дек 15, 2020

GREENWORLD.KZ

HALYQLINE.KZ Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен инвестицияларды тарту жөніндегі кезекті кеңес барысында іске асыру ауқымы және жаңа технологияларды қолдануы тұрғысынан ТОП-10 жоба тізімі ұсынылды, — деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарататын және қайта өңдейтін зауытты салу жоспарлануда. Сонымен бірге, ТОП-10 жоба қатарына ұсақ малды қосымша бордақылауға, союға және терең өңдеуге арналған ет комбинаты және қайта жүктеу терминалы кірді. 2020 жылға арналған ТОП-10 жобалардың инвестиция көлемі 32,8 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында 2024 жылға қарай мұнайды терең өңдейтін және сұйық метанол өндіретін зауыттар пайда болады. Сүт кешенін салу да жоспарлануда.

Сонымен бірге жылына қуаттылығы 4400 тонна қияр және 3500 тонна қызанақ өндіретін жылыжай салынады. Кешенді келесі жылы пайдалануға беру көзделген.  Сонымен қатар, елдің білім министрлігі жекеменшік мектеп салу жобаларын да ұсынды. Орта білім беру ұйымдары Шымкент қаласында (1200 орын), Ақтөбе облысында (3000 орын), Нұр-Сұлтан қаласында (580 орынға) бой көтермек. Бұл тізімге Алматыдағы 800 орынға арналған және Түркістан қаласындағы 1500 орындық студенттер жатақханасы да кіреді.

Министрлік жекеменшік мектептер мен жатақханалар салу үшін жалпы сомасы 405 млрд теңгені құрайтын 93 инвестициялық жобадан тұратын пул құрды. Жобалар 2020 жылдан бастап 2024 жылға дейінгі аралықта МЖӘ қағидаттарына негізделген механизм шеңберінде іске асырылатын болады.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары елге инвестиция тарту арқылы жұмыс орындарын құру, өндірісті ұлғайту және экономиканы әртараптандырудың маңыздылығын атап өтті.

29

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *