• 21/09/2021

Әлем — ортақ

Экологиялық заңнаманы бұзған кәсіпорындарға айыппұл салынды

Автор:Greenworld.kz

Янв 12, 2021

GREENWORLD.KZ

Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметіндегі мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмаларды орындауға арналған іс-шаралар туралы брифингте ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.

«Былтыр біз 800-ден астам тексеру жұмысын жүргіздік. Экологиялық заңнаманың бұзылуы бойынша 2441 жағдай анықталды. Жалпы сомасы 296 млн теңге болатын әкімшілік айыппұл салынды. Соған қоса біз қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу бойынша бірнеше миллиардқа нұсқама берілді. Нақты неше миллиард екенін айтпау себебім – қазір істер сотта қаралып жатыр. Соның шешімі шыққан соң жариялаймыз», — деді министр брифинг барысында.

Айта кетейік, 2021 жылы 2 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Экология кодексіне қол қойды. 1 шілдеде күшіне енетін Заңның «Ластаушы төлейді және қалпына келтіреді» қағидатына сәйкес, экологиялық зиян орын алған жағдайда табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны оның бастапқы қалпына келтіруге міндетті. Екіншіден, атмосфералық ауаның, судың, топырақтың ластану проблемасын шешу үшін өнеркәсіпте ең озық қолжетімді технологияларды енгізу көзделген. Бірінші кезеңде жалпы ластанудың 80% шығарындыларының көзі болып табылатын 50 ірі кәсіпорындарында енгізу жоспарланған. Сонымен қатар жаңа кодексте экологиялық төлемдердің 100%-ы экологиялық іс-шараларға жұмсалатыны көзделген.

117

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *