• 21/09/2021

Әлем — ортақ

Итбалықтарды ұрып-соққан

Автор:Greenworld.kz

Дек 14, 2020

GREENWORLD.KZ

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болып, Каспий итбалықтарын зерттеу және қалпына келтіру орталығының жұмысымен танысты, — деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

«Каспий итбалықтарын зерттеу және қалпына келтіру орталығына бардым. Мұнда жарақат алған, ауырған су сүтқоректілерді емдеп, мекен ету ортасына қайта жібереді. Министрлік өз тарапынан орталықты кеңейту, жабдықтандыру жұмысына қолдау көрсетуге дайын. Біз үшін әрбір итбалықтың өмірі қымбат»,- деп жазды министр Twitter парақщасында.

Мағзұм Мырзағалиевтің сөзінше, итбалықты емдеу жұмысы үшін тиісті мамандар даярлау мәселесін де жолға қою қажет.

«Жалпы, Қызыл кітаптағы итбалықты ұрып-соғу жағдайы бұдан кейін қайталанбауы тиіс. Сондықтан біздің мамандарымыз еріктілерді тартып, оқу курстарын өткізуді бастамақ»,- дейді министр.

Сонымен бірге М.Мырзағалиев Ресейдің Махачкала жағында итбалықтардың өліміне қатысты қазір орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің жергілікті инспекторлары теңіздің Қазақстан жағында сараптама жүргізіп жатқанын да хабарлады. Инспекция мамандарының мәліметінше, Қазақстан аумағында итбалық өлімі факторы тіркелген жоқ.

Айта кетейік, Мағзұм Мырзағалиев Маңғыстау өңіріне сапары кезінде экологиялық депертаменті, «Қазгидромет» РМК, облыстық аумақтық орман шаруашылығы және өсімдіктер әлемі инспекция мамандарымен кездесті. «Қазазот» ЖШС өнеркәсіп орнын, Caspian Riviera балық шаруашылығы мекемесін аралап көрді.

211

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *