• 27/03/2023

Әлем — ортақ

САҒАТБЕК – «ЖЫЛ ВОЛОНТЕРІ» халықаралық сыйлығының иегері

Автор:Greenworld.kz

Дек 8, 2020

GREENWORLD.KZ

Сагатбек Куанышбайулының есімі сырбойылықтарға жақын таныс. Оның аты аталса, ойыңа қайтпас қажырлық, жігер, ертеңге деген ұмтылыс секілді ұғымдар оралады.

🔸 Қайырымды істерде де үлесі бар. Пандемия кезінде жастардың басын біріктіріп, 40-тан аса отбасыға азық-түлікпен, киім-кешекпен көмек көрсеткен. Сондай-ақ, 30-ға жуық түрлі бағыттағы іс-шараларды ұйымдастырып, 300-ден астам адамды қамтыды.

🔸 Елімізде орын алған төтенше жағдай кезінде «BIZ BIRGEMIZ» республикалық акциясы аясында қала тұрғындарына бетперде таратуға атсалысты. Автоволонтерлықтан да қалыс қалмай, өз автокөлігімен көптеген қарт кісілердің үйіне дәрі-дәрмек жеткізуге көмектесті.

🔸 Бүгін Сағатбектің де жұлдызы жанып, аймақ басшысының қолынан марапат алды. Жылдың басты сыйлығы оның еншісінде. Құттықтаймыз!

Oblystyq Jastar Resurstyq Ortalygy

429

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *