• 21/09/2021

Әлем — ортақ

Шабақтар құтқарылды

Автор:Greenworld.kz

Дек 8, 2020 ,

GREENWORLD.KZ

2020 жылдың басынан бастап ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 85,2 млн шабақтың қырылу қаупі бар және су қоймаларынан, сондай-ақ еліміздің күріш чектерінен құтқару жұмыстарын жүргізді, — деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Бұл жұмысқа балық шаруашылығы субъектілері, еріктілер, сондай-ақ күріш өсіретін ұйымдардың өкілдері қатысты. Нәтижесінде Атырау облысында 56,7 млн балық, Түркістан облысында – 10,3 млн, Қызылорда облысында – 8,3 млн, басқа өңірлерде – 9,9 млн шабақ балық құтқарылды.

Құтқарылған балықтардың түрлік құрамы-сазан, ақмарқа, мөңке, қарға, құмай, осман, көксерке, алабұға, шортан, тұқы, табан, торта, оңғақ.

Балық ресурстарын сақтау бойынша іс-шараларды өткізуге 851 адам және 153 бірлік техника жұмылдырылды.

Ихтиологтардың мәліметтері бойынша Қазақстанда балықтың 100-ден астам түрі мекендейді. Олардың 70-і өнеркәсіптік құндылыққа ие, 18 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

221

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *