GREENWORLD.KZ
Қызылорда қаласындағы №7 мектеп-лицей және Белкөл кентіндегі №189 орта мектеп ұстаздарымен медиацияны насихаттау бойынша кездесу болып өтті.
Кездесулерді облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, Медиация кабинетінің жетекшісі Қ. Ақылбеков жүргізіп, медиация институты жайлы жалпы мағлұматпен бөлісті.

Медиация институты, оның білім беру жүйесіне септігі жайлы ұстаздар қауымына түсіндіріліп, медиация тәсілін меңгеру пайдасы айтылды. Мектептерде медиация институтын насихаттаудың маңызы зор. Мектеп қабырғасынан бастап дауласудың зардабы түсіндіріліп, бітімге келудің пайдасы оқушыларға айтылса, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге елеулі үлес болады.
Қызылорда қаласында енгізілген мектептік медиация институты өз тиімділігін көрсетуде. «Бітім» медиация орталығының бастамасымен жүргізілген бұл жоба Қызылорда қаласындағы мектеп психологтарына тегін негізде кәсіби медиация курстарынан өтуге мүмкіндік беріп, әр мектепте медиация кабинеттері ашылды. Нәтижесінде мектеп оқушылары, ұстаздар және ата-аналардың қатысуымен болатын жанжалдар саны азайып, даулы жағдайлардың барлығын бітімге келу арқылы шешу жолы бір ізге қойылды.
Кездесу соңында қатысушылар тақырып бойынша сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы
Ассамблеясының баспасөз қызметі
