Ресей Федерациясының ақ қантты экспортқа шығаруға тыйым салуына байланысты Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимылдар қабылдау мақсатында ҚР Премьер-Министрі А. Ә. Смайыловтың 19.03.2022 жылғы № Б-183 тапсырмасының 1.2.4-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 бұйрығына өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты 2022 жылғы 15-29 наурыз аралығында ақ қант пен құрақ қанты шикізаты Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге өтінімдерді қабылдау туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында орналастырылған хабарландыру жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актіге өзгерістер енгізілгенге дейін күшін жойылатынын хабарлаймыз.
