• 27/03/2023

Әлем — ортақ

«Пайызсыз баспана» алдап кетіпті

Автор:Greenworld.kz

Мар 15, 2022

Алматыда «Пайызсыз баспана» кооперативі салымшыларын 200 миллион теңгеге алдап соқты, — деп хабарлайды «Жаңалықтар кз».

Кооператив ұйымдастырушылары пәтер алу үшін бастапқы жарна 300 мың теңге салуды сұраған. Сонымен қатар 4 ай ішінде азаматтар пәтер құнының 30% құю қажет болған. Қалған 70% кооператив өзі төлеуге уәде берген.

Қазір алаяқтарға алданғандар саны 240 адамға жеткен. Адвокат Ғабит Өмірбековтің сөзінше, кооператив ұйымдастырушылары қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін арнайы келісімшарт жасаған. Бұл шарт бойынша зардап шеккендер тек азаматтық сотқа жүгіне алады, сәйкесінше қылмыстық жауапқа тартылмайды. Енді жапа шеккендер арызын Экономика департаменті қарайды.

153

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *