• 26/03/2023

Әлем — ортақ

Қызылордада су тапшылығының алдын алуға бағытталған Жол картасы әзірленді

Автор:Greenworld.kz

Мар 14, 2022

Сырдария өзеніндегі су ағынының азаюы, өңірдің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайын едәуір қиындатуда. Бұл көлдердің құрғауына, күріш егісінің азаюына, табиғи мал азығының төмендеуіне әкеледі.Сырдария өзенінде қалыптасқан жағдайға байланысты,                      20 жобаны (89 млрд. теңге) іске асыруға бағытталған «Қызылорда облысының су тапшылығы жағдайында бірінші кезектегі жобаларды іске асыру жөніндегі Жол картасы» жобасы әзірленіп, Үкімет Басшысының атына (20.01.2022 ж.) облыс әкімдігімен ұсыныс жолданды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жол картасы аясында 2022-2025 жылдар аралығында 20 жобаны іске асыру көзделген. Жол картасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен келісілді.

Бұдан бөлек, Қызылорда облысының су тапшылығының алдын алу мақсатында бірінші кезектегі 65 жобаларға Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінен 3,6 млрд теңге бөлуге ҚР Қаржы Министрлігінен келісім алынды.

Бүгінде Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігімен бірлесіп Үкіметтің Қаулысын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы, Үкімет ревервінен барлығы 22 канал тазалау, 41 ұңғыманы жөндеу және бұрғылау, 133 дана насос қондырғыларын алу жоспарлануда. Соның ішінде:

1.Қызылорда облысы әкімдігіне нысаналы трансферттер ретінде — 2 089 489,1 мың теңге;

(канал тазалау жұмыстары – 4 жоба, ұңғымаларды жөндеу – 10 жоба, техникалық су жинау ұңғымасын бұрғылау – 31 жоба, елді мекенді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында  насос қондырғыларын алу – 66 дана)

2.Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне  — 1 547 130,9 мың теңге. (каналдарға механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу – 17 жоба, қашыртқы суды қайталама пайдалану үшін насос қондырғыларын алу – 67 дана).

Бүгінгі күні, облыстық коммуналдық меншікке 224 су шаруашылығы нысандары алынған. Коммуналдық меншіктегі каналдарға тазалау, жөндеу жұмыстары кезең кезеңімен атқарылып келеді.

2021 жылы ұзындығы 69 шақырым  10 каналға (429 млн.теңге) тазалау жұмыстары жүргізіліп, елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мақсатында, 43 дана насос қондырғысы (378,4 млн.теңге) облыстық бюджеттен сатып алынды.

2022 жылы облыстық бюджеттен (853,2 млн.теңге) 157,1 шақырым болатын 20 канал тазалау және елді мекендерге  23 дана насос қондырғысы алынатын болады.

(Анықтама ретінде: Қызылорда қаласындағы «Сол тармақ» каналы (21,8 км), Қосшыңырау ауылдық округіндегі «Р-2-2» каналы (8,1 км), «Алтынбай» (11,1 км), «Ешпан» (7,23 км),  Қазалы ауданы Құмжиек ауылдық округіндегі «Үлкенарық» (1,0 км), Алға ауылдық округіндегі «Шлюз арық» (12,2 км, 2 ГТС), Арықбалық ауылдық округіндегі «Аққолқа» (3,9 км) каналдары, Қазалы ауданындағы 1-5Д коллекторы,  Қармақшы ауданы Алдашбай ахун ауылдық округіндегі «Шаймерден» каналы (6,8 км, 1 ГТС), Жалағаш ауданы Жаңадария ауылдық округіндегі «Іңкәрдария» каналы (7,9 км), Қармақшы ауданы «Шығыс» каналы, Сырдария ауданы Іңкәрдария ауылдық округіндегі «Ақтам» (14,7 км), Амангелді ауылдық округіндегі «Қосапан» (14,3 км, 4 ГТС), Жетікөл ауылдық округіндегі «Хозцентр» (7,0 км), «Жыңғылдыкөл» (4,8 км, 1 ГТС), Айдарлы ауылдық округіндегі «Ақтам» каналы (6,7 км) Шиелі ауданы Алмалы ауылдық округіндегі «Л-4А Сайфурхан» каналы (3,3 км, 2 ГТС), Жаңақорған ауданы Қожакент ауылдық округіндегі «Бабакент» (4,9 км, 10 ГТС) және Жайылма ауылдық округіндегі «Темірбетонды лотокты» (19,3 км, 2 ГТС), Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылдық окрігендегі «Қарақ» және «Қоңыраулы» учаскелері (2 ГТС)

162

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *