• 21/05/2022

Әлем — ортақ

Тергеу қамағындағылармен кездесті

Автор:Greenworld.kz

Қызылорда облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігінің жетекшісі Серік Теңізбаев ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкілінің рұқсатымен ЗК-169/1 мекемесіне келді.

ҰААТ жетекшісі өзінің профилактикалық сапары барысында «Қаңтар оқиғасына» қатысқан айыпталушылармен кездесіп, жарақат алғандардың қазіргі жай-күйімен танысты.

  • Айыпталушылар Ұлттық алдын алу тетігінің жетекшісіне медициналық көмек пен дәрігерлік кеңестің дер кезінде беріліп жатқанын айтты. Одан бөлек тергеу қамағындағылардың мекеме қызметкерлері төңірегінде ешқандай шағымдары болған жоқ, — деді Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының бас маманы міндетін атқарушы Әйгерім Баймұрзаева.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

98