• 12/08/2022

Әлем — ортақ

Вакцинациялау мерзімі қайта қаралады

Автор:Greenworld.kz

GREENWORLD.KZ

Кеше ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер – Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде коронавирус инфекциясына қарсы күрес бойынша шешімдер қабылдау үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойған тапсырмаларға қатысты болды, — деп хабарлайды primeminister.kz.

Вице-премьер мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде келесі міндеттерді жүзеге асыруды жүктеді: 

🔻коронавирусқа қарсы іс-қимыл шараларын түбегейлі қайта қарау Стратегиясын әзірлеу; ағымдағы жылдың 19 шілдесіне дейін шағын және орта бизнес қызметкерлеріне вакциналау жүргізудің нақты мерзімдерін қайта қарау және белгілеу;

🔻«Pfizer» компаниясымен келісімге қол қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және вакцинаны жеткізу туралы келісімшарт жасасуды қамтамасыз ету;

🔻ағымдағы жылдың 19 шілдесіне дейін міндетті вакциналауға жататын қоғамның тіршілік ету салаларын анықтау;

🔻ПТР-тестілеудің бірыңғай базасына ұқсас вакциналаудың цифрлық картасын іске қосу мәселесін пысықтау;

🔻ағымдағы жылдың 19 шілдесіне дейін «Ashyq» сияқты цифрлық шешімдерді белсенді пайдалану басымдығымен мобильді мониторингтік топтардың жұмысын қайта форматтау бойынша ұсыныстар енгізу;

🔻эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, медицина қызметкерлерін қолдау және ынталандырудың қолданыста болатын қағидаларын әзірлеу және бекіту;

🔻жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттерді оқытудың дәстүрлі нысанын қайта бастау кезінде педагогтер мен оқушылардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу.

387