• 23/07/2021

Әлем — ортақ

Түркия тәуелсіздікті, Венгрия вакцина паспортын мойындаған алғашқы ел

GREENWORLD.KZ

Венгрия Еуропалық одақтағы Қазақстанның вакцинация паспортын мойындаған алғашқы ел болды.

Венгрияның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігінде Қазақстан елшісі Жәнібек Әбдірашов мемлекеттік хатшының орынбасары Андраш Баранимен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы вакцинациялау сертификаттарын/паспорттарын өзара тану туралы ауызша ноталармен алмасты.
Иммундау сертификаты болған жағдайда екі елдің азаматтарына «Covid-19» таралуын болдырмауға бағытталған шектеу шараларынсыз (ПТР-тест және карантин) Қазақстанға және Венгрияға кіруге рұқсат етілген.
“Вакцинация паспорттарын өзара тану – Будапешт пен Нұр-Сұлтан арасындағы шекараны ашу және тікелей әуе қатынасын қалпына келтірудің маңызды қадамдарының бірі”, – деп атап өтті Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

1147

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *