GREENWORLD.KZ
Кеше Түркітілдес журналистер қорының тегін онлайн журналистика курсы басталды. «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбымен ауқымды шараларды өткізіп жүрген қордың қазақ журналистикасының дамуына үлесі зор. 2020 жылы қорытындыланған вебинар биыл да жалғасын тауып, алғашқы онлайн сабақ басталды.
Дүйсенбіде өткен онлайн кездесуде журналистер қордың жанынан ашылған медиатренерлер мектебінің тренерлерімен, жобаның серіктесі – «Шеврон» компаниясының өкілдерімен пікір алмасты. Қор президенті Нәзия Жоямергенқызы алдағы уақытта мұндай шаралар жалғаса беретінін, карантиннің онлайн курс өткізіп, оған шетелдік медиатренерлерді тартуға қолайлы жағдай туғызғанын айтты.
