• 21/09/2021

Әлем — ортақ

«Қыз – ұлттың ұяты, халықтың шырайы»

GREENWORLD.KZ

Жалағаш ауданына қарасты Аққұм ауылдық мәдениет үйінде «Қыз – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты дөңгелек үстел болып өтті, — деп хабарлайды «Достық» үйінің баспасөз қызметі.

Оған Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Еспенбет, Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Манат Алмашева, аудандық және ауылдық округтердегі Аналар кеңесінің төрайымдары, көп балалы аналар мен жас келіндер қатысты.

Қатысушылар кітап және салт-дәстүрден сыр шертер көрмені тамашалады.

Шараның шымылдығын Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Еспенбет ашты. Ол республикалық «Аяулы ана» байқауынан бірінші дәрежелі диплом иеленген Мауыты Қабылбектің әжесі Бақыткүл Арысбаеваға алғысын білдірді. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен еліміздің бетке ұстар тұлғасына айналған перзентті өсіргені үшін «Білім-өркениет» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы атынан Құрмет грамота мен «Алтын алқа» төсбелгісін табыстады. Сондай-ақ бүгінгі мазмұнды шараға сәттілік тіледі.

Дөңгелек үстел аясында аудан бойынша отбасы құндылығын насихаттау мен арттыру бағытында атқарылған ауқымды жұмыстар слайд арқылы көрсетілді.

 — Бүгінде көптеген ата-ана отбасын асырау, бар-жоқты түгендеуге баса назар аударып, бала тәрбиесі шеткері қалып келеді. Аналар кеңесі осы мәселе бағытында жұмыс жасап, жаңа жобаларды жүзеге асырып, өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында кездесулер ұйымдастыруда, — деді облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова.

Шара барысында аналар тарапынан өнегелі ойлар мен құлақасар пікірлер айтылды. Ана туралы және отбасына байланысты бүгінгі күні туындап жатқан мәселелерді талқылау, оларды шешу жолдары ұсынылды.

102

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *