Greenworld.kz
15 мамырдан кейін «WhatsApp» жаңа ережелер енгізіп және оларды қабылдау немесе қабылдамауға таңдау беріп жатыр.
Жаңа ережелерді қабылдамаған жағдайда қолданушыларды не күтеді?
- Жаңа ережелерді қабылдамаған адамдарға жиі-жиі оларды қабылдау туралы хабарлама келетін болады. Алайда ол ескертпені жауып тастап, мессенджерды әрі қарай қолдана беруге болады.
- Бірнеше апта өткеннен кейін хабарлама соңғы рет келетін болады. Және оны жабуға мүмкіндік болмайды. Түптеп келгенде келісім тетігін басуға тура келеді. Өйткені экран бетінде ескертпе тұрғандықтан, сізге чаттар мен басқа да функциялар көрінбейді.
3.Тағы бірнеше апта өткеннен кейін сіз WhatsАpp қоңырауларға жауап бере алмайтын боласыз(аудио, видеозвонок).
4.Осы уақытта сізге әрдайым жаңа ережелерді қабылдау туралы ескертпе үздіксіз келеді. Оларды қабылдаған жағдайда барлық функциялар қайта орнына келеді.
Тағы еске салатын жағдай, мессенджер ережесі бойынша соңғы 120 тәулік бойы қолданылмаған аккаунттар біржола өшіріледі.
