• 27/03/2023

Әлем — ортақ

Қалалардың қоқыстануы — экологиялық мәселе

Автор:Greenworld.kz

Мар 30, 2021

GREENWORLD.KZ

2021 жылдың 31 наурызында сағат 11:00-де Sputnik халықаралық ашық диалог алаңында «StopMusor» әлеуметтік жобасының нәтижелеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді.
«StopMusor» жобасының мақсаты — адамдарға қоқысты арнайы жәшікке апарып салуды үйрету, сондай-ақ Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарына қалалардың қоқыстануы проблемасы туралы ақпараттандыру.

Жыл сайын бір қазақстандық шамамен 400-450 кг қоқыс шығарады. Қалдықтардың көпшілігі тұтыну өнімдерінен және ұсақ қоқыстардан тұрады: бөтелкелер, кәмпит орамдары, қораптар. Тәжірибе көрсеткендей, барлық жерде арнайы қоқыс жәшіктер мен полигондар бола бермейді. Ол ұзақ уақыт бойы қоқыс жәшігінен тыс қалып, айналасын ретсіздік жайлап, қалдықтар тау болып үйіліп, кейіннен стихиялық полигондарға айналады. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша елімізде тек өткен жылы ғана 8 884 стихиялық қоқыс орындары пайда болған. Нәтижесінде, қоқыс сыртқа лақтырылған кезде, ол қаланы ластап ғана қоймайды, сонымен қатар денсаулыққа қауіпті заттар шығарып, қоршаған ортаға зиян тигізеді.
Жобаның барлық жұмысы адамдарды қалдықтарға жауапкершілікпен қарауға, қоғамдық орындарда қоқыс тастамауға үйретуге және айналасындағы адамдарды экологиялық этикетке үйретуге, сол арқылы қалалық эко-жүйелерді қорғауға бағытталған.
Жоба басталған 9 ай ішінде арт-көрмелер, сенбіліктер, зияткерлік байқаулар мен қоғамдық пікірталастарды қамтитын жан-жақты онлайн және офлайн іс-шаралар арқылы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында миллионнан астам тұрғынды қамтыған ауқымды ақпараттық науқан өткізілді. Сонымен қатар, мәселеге бей-жай қарамайтын азаматтардың атсалысуымен олардың өз қалаларындағы экологиялық проблемалары туралы, қалалық қызметтердің локализациялануы мен жедел шешілуін баяндауға арналған арнайы мобильді қосымша мен сайт әзірленді.
Онлайн-баспасөз конференциясы барысында спикерлер жоба барысында пайда болған қиындықтар, нәтижелер мен тиімділігі туралы айтып береді.
Спикерлер:
Айгүл Соловьева, Қазақстанның экологиялық ұйымы қауымдастығының Басқарма Төрайымы;
Зулфухар Жолдасов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы;
Асхат Сүлейменов, Экологиялық ұйымдар қауымдастығы ЗТБ төрағасының орынбасары.
Онлайн конференция 31 наурыз күні сағат 11:00-де Sputnik.kz ашық диалог алаңында өтеді.
Аккредитациядан өтіп, онлайн-конференцияға сілтеме алу үшін: +77784560999 нөміріне немесе meruert_1968@mail.ru электрондық мекенжайы бойынша Меруерт Абдалиеваға хабарласуыңызды сұраймыз.

523

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *