• 01/04/2021

Әлем — ортақ

«GREEN ORDA» ТАЛ ОТЫРҒЫЗУ ЧЕЛЛЕНДЖІ БАСТАУ АЛДЫ

Автор:Nurbike Qazi

GREENWORLD.KZ

Облыстық мәслихат депутаты, “Сыр үміті” жастар қауымдастығының төрағасы Мағжан Ералиев Қызылорда қаласындағы ҚР Тұңғыш Президенті саябағында «GREEN ORDA» тал отырғызу челленджін барша Сыр елінің халқына жолдады.

— ЭКО челлендж» шарасының мақсаты тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті нығайту, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысуға шақыру болып табылады. “Қала көркі — тал” демекші, қаламыздың, саябақтарымыздың көгалдандыру мен көркейту үшін осы челленджді бастап жатырмыз. Енді осы игі бастаманы барша Сыр жұрты мен жастары қабыл алып, жалғастырса дейміз. Талды отырғызып ғана қоймай, оны тұрақты түрде баптауға шақырамын, — деді Мағжан Абзалұлы.

https://www.youtube.com/watch?v=5dihteTiCbU

16