• 27/03/2023

Әлем — ортақ

ТӘУЕЛСІЗДІК — ҰЛЫ БЕЛЕС

Автор:Greenworld.kz

Дек 21, 2021

Жақында ЗК-169/5 мекемесінде қалалық жалпы білім беретін кешкі мектеп мұғалімдері сотталғандармен ашық сабақ өткізді. «Тәуелсіздік-ұлы белес» тақырыбында ұйымдастырылған шарада желтоқсан құрбандары жайлы естеліктер айтылып, алаш қайраткерлерінің ұлттық идеясы хақында жан-жақты мағлұмат берілді.

  • Жазасын өтеушілер арасында мұндай игі шараларды өткізу олардың өмірлік көзқарасының жаңаша бағытқа қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан отансүйгіштік, ұлттық ұстанымдарды ұлықтау қасиеттері жаза басқандар үшін өте қажет дейді- тәрбие бөлімінің бастығы Байқадам Тәуекел.

Шара соңында сотталғандар жалпы білім беретін кешкі мектеп мұғалімдеріне шынайы ризашылықтарын білдірді.

276

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *