GREENWORLD.KZ
Суға кеткендердің санын азайту үшін қызылордалық құтқарушылар Сырдария бойында құрбандық шалды,- деп хабарлайды «Жаңалықтар» телеграм каналы.
Аймақта жыл басталғалы бері өзенге 17 бала батып кеткен.
Құрбандық шалу рәсіміне Қызылорда облысының ТЖД қызметкерлері мен мешіт имамы қатысты. Құтқарушылар рәсімді өңірдегі қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін өткізген.
Департамент басшысының орынбасары Саид Молдақараевтың сөзінше, құрбандық азаматтық қорғаныс бөлімі және Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің бастамасымен шалынған. Бұған себеп аймақтағы суға кеткендердің санының жоғары болуы. Жыл басынан бері облыстағы су қоймаларда 29 адам суға батқан, олардың 17-сі бала.
