• 27/03/2023

Әлем — ортақ

Тағы да карантин енгізіле ме?

Автор:Greenworld.kz

Июн 23, 2021

GREENWORLD.KZ

Үнді штаммының келуіне байланысты Қазақстанда локдаун жариялануы мүмкін бе? ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бүгінгі күні ел аумағында локдаун енгізуге байланысты ешқандай мәселе жоқ деп мәлімдеді, — деп хабарлады бүгін орталық комуникациялар қызметінің баспасөз қызметі.

— Бұл мәселе күн тәртібінде жоқ. Кеше Ведомствоаралық комиссия отырысында Нұр-Сұлтан қаласында енгізілетін нақты шектеу шаралары қабылданды. Оның бәрі алдын ала шаралар деп айтуға толық негіз бар. Бұл қызмет көрсету саласына, адамдар көп жиналатын орындарға, сауда орталықтарына қатысты шектеулер. Бұл жұмыстар жалғасын табады. Одан әрі шешім эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданатын болады, — деді Е.Тоғжанов өз жауабында.

1086

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *