• 21/09/2021

Әлем — ортақ

Тәжікстан Сырдарияға су береді

GREENWORLD.KZ

Биылғы жылы Сырдария өзенінің бассейніндегі су тапшылығына байланысты күрделі су жағдайы қалыптасты. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Душанбе қаласында Тәжікстанның энергетика және су ресурстары министрі Д.Джумамен кездесу өткізіп, оның барысында тәжік тарапымен «Бахри Точик» су қоймасынан биылғы жылғы маусым-тамыз аралығында 315 млн текше метр суды қосымша ағызу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Бұл көлем Түркістан және Қызылорда облыстарында вегетациялық кезеңде суармалы су тапшылығын төмендетуге мүмкіндік береді.

«Түркістан және Қызылорда облыстарының қажеттіліктері үшін Сырдария өзені бассейніндегі су жағдайының қиындығын ескере отырып, тәжік тарапы Қырғызстан Республикасы Тоқтоғұл су қоймасынан ағызатын су көлемінен басқа, маусымнан тамызға дейін «Бахри Точик» су қоймасынан қосымша 315 млн текше метр су жеткізуге келісті. Қазақстан өз кезегінде Тәжікстанға «Бахри Точик» су қоймасының қосымша жұмыс істеуінің теріс салдары туындаған жағдайда материалдық-техникалық қолдау көрсетеді», — деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

166

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *