• 21/09/2021

Әлем — ортақ

Қызылордада карантин талабы күшейтілді

Greenworld.kz

Қызылорда облысы 2021 жылдың 8 сәуірінен бастап эпидемиологиялық ахуал жөнінен «сары» аймаққа енді. Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №4 Қаулысына сәйкес аймақта эпидахуал асқынған жағдайда және ол 5 күн тұрақты сақталған кезде карантиндік шараларды күшейту жүргізіледі. Осыған байланысты шектеу шараларын енгізу мақсатында Қаулы қабылданды. Бұл туралы Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова мәлімдеді.

Жаңа қаулыға сәйкес тыйым салынады:

1) қоғамдық орындарда кальянды пайдалануға;

2) ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу, «ауызашар», т.б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды  өткізуге;

3) банкет залдарының жұмысына;

4) букмекерлік кеңселердің қызметіне;

5) бильярд, боулинг, компьютерлік клубтардың, түнгі және ойын клубтарының, караокенің қызметіне;

6) балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне;

7) мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге;

8) балалардың ойын-сауық орталықтарының (жабық үй жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар) жұмысына;

9) көрермендермен спорттық іс шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады.

Сонымен қатар, белгіленген шектеулермен және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен:

10) балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының жұмысы топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын алу жазылу бойынша;

11) қоғамдық көлік жұмысына;

12) банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері  жұмысына 9.00-ден 18.00-ге дейінгі уақыт шектеуімен;

13) ұйымдар, офистердің  жұмыстарына 50%- күндізгі режиммен;

14) белгіленген талаптар сақталған жағдайда және ұжымдық іс-шараларды өткізбей діни объектілердің қызметіне;

15) қоғамдық тамақтану объектілеріне толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 24-ке дейін жұмыс істеуге;

16) сауналар жұмысына (жексенбіден басқа);

17) 30 адамға дейін мәдениет объектілерінің жұмысына (дайындық);

18) толтырылуын 20%-дан артық емес етіп театрлар, кинотеатрлар, концерт залдарының жұмысына рұқсат беріледі.

Мектептердегі білім беру форматы өзгеріссіз күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен:

19)облыстың  барлық аймақтарында:

– контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқыту;

– білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту;

20) тәуекелі төмен және орташа аймақтарда орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқыту;

21) колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқытуды жалғастырады;

22) алдын ала жазылу бойынша стоматология, медициналық орталықтар, кабинеттер жұмысына;

23) толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес етіп облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың жұмысына;

24)  толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес етіп қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың жұмысына рұқсат;

25) Ұлттық құрама, клуб командалары үшін адам санын 30-дан асырмай спорттық жаттығулар  өткізуге рұқсат.

 26) маска режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға баруға рұқсат;

27) белгіленген санитариялық талаптар, қағидалар сақталған кезде білім  беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат беріледі.

28) қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, ауладағы балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді тапсырамын;

 Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтары эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша бетперде киюге міндетті.

 Осы Қаулы  2021 жылғы 13 сәуірден бастап  күшіне енеді.

175

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *