• 02/03/2021

Әлем — ортақ

Экологиялық заңнаманы бұзған 96 факт тіркелген

GREENWORLD.KZ

2020 жылы қоршаған ортаны қорғау саласында 41 субъектіге бақылау шаралары ұйымдастырылды.Оның ішінде 18 профилактикалық бақылау және қадағалау, 23 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Бақылау қорытындылары бойынша 96 экологиялық заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталып, кемшіліктерді жою үшін тиісті нұсқама берілді. Табиғат пайдаланушыларға 5,4 млн теңге көлемінде 35 әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде іс қозғалып айыппұл салынды. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұржан Өмірсерікұлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

Нақтыласақ, өткен жылы экологиялық іс-шараларды орындау және қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету, инспекторлық әрекет негізінде тексерулер жүргізу, әкімшілік жауапкершілікке тарту, залалды өндіру жұмыстары, табиғат қорғау заңнамаларын бұзғаны үшін кәсіпорындардың шаруашылық қызметін тоқтату жөнінде талап арыздарды сотқа беру жұмыстарын атқарды.

ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын өрескел бұза отырып шаруашылық қызметін жүзеге асырған заңды тұлғаларға қатысты сотқа талап-арыздар жолданып, сот шешімі негізінде кемшіліктерді жойғанша уақытша 4 объектінің қызметі тоқтатылды.

Мемлекеттік экологиялық бақылау барысында қоршаған ортаға келтірілген залалды өндіру бағытында табиғат пайдаланушыларға 753,6 млн теңге көлемінде 22 нұсқама беріліп, оның 181,2 млн теңге құрайтын 21 нұсқамасы мемлекет пайдасына өндіріліп, қалған 572,4 млн. теңге құрайтын 1 залал соттың қарауында.

  • 2020 жылы аймақта кең таралған пайдалы қазбаларды өз бетінше заңсыз өндіру деректерін анықтау мақсатындағы рейдтік іс шаралар нәтижесімен 10 заң бұзушылық анықталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 139 бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Заңсыз кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру кезінде пайда болған орындарды (карьер) техникалық және технологиялық іс-шаралар арқылы қайта қалпына келтіру (рекультивация) жұмыстары жүргізілуде. Өндіріс және тұтыну қалдықтарына тоқталып өтсек, 2020 жылы облыс аумағында 265 300 тонна қалдық құралды, оның 120 000 тоннасы (45,23%) өнеркәсіптік қалдықтар және 145 300 тонна (54,76%) тұрмыстық қатты қалдықтар, — деді облыстың бас экологы Н.Өмірсерікұлы.

Өндірістік және қатты қалдықтар көлемінің ұлғаюы геологиялық барлау жұмыстарымен (облыстың мұнай компаниялары) және құрылыс нысандарының артуымен байланысты.

Есепті кезеңде жалпы көлемі 62 000 тонна қалдық залалсыздандырылды, оның ішінде өндірістік қалдықтардың көлемі 41 000 тонна (66,12%), тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі 21 000 тонна(33,87%) құрайды.

Өңіріміздегі тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарына тоқталып өтсем, бүгінгі күні облыста 145 полигонға жер учаскелері белгіленсе, оның 7-еуі (Қызылорда – 2, Қармақшы – 2, Қазалы – 1, Шиелі – 1, Арал — 1)экологиялық талаптарға сәйкестендірілген.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кодекстің 301-бабына сәйкес, полигондарда пластмасса, пластика, полиэтилен қалдықтары және полиэтилентерефталат орамасы, макалатура, кортон және қағаз қалдықтары, құрамынды сынап бар лампалар мен аспаптар, шыны сынықтары, түсті және қара металдар сынықтары литий, қорғасын-қышқыл батереялары, электрондық және электр жабдықтары қалдықтарын көмуге тыйым салынса, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тамақ қалдықтарын және құрылыс материалдарын қалдықтарын полигондарға көмуге тыйым салынды.

Сонымен қатар, облыста қалдықтарды сұрыптауды тұрақты түрде 3 кәсіпорын, яғни «Ибрайхан и К ЛТД» ЖШС, «Smart Rubber» ЖШС, «Эко-Н Сервис» ЖШС жүзеге асырып келеді.

Атап айтқанда, Белкөл кентінде орналасқан «Ибрайхан и К ЛТД» ЖШС-нің полигонындағы жинақталған шыны, автошина, пластик, мата, құрылыс тамақ қалдықтары сұрыпталуда. «Smart Rubber» ЖШС автокөліктердің жарамсыз шиналарын қайта өндеп, тамшылатып суаруға арналған түтіктерін өндіруде. «Эко-Н Сервис» ЖШС істен шыққан жарамсыз құрамында сынабы бар шамдарды залалсыздандыруды жүзеге асырып келеді.

Геопортал жүйесі бойынша ғарыштық мониторинг арқылы космостық бейне-суреттерді зерделеумен Қызылорда қаласының 50 км-лік радиусы аумағында 136 рұқсатсыз қалдықтар орны анықталып, оның 131, яғни 96,3%-ы жойылды.

Департамент зертханалық-талдамалы бақылау қызметтерін жүзеге асыру барысында барлығы – 1659 сынама алынып, 3239-ына анықтау жүргізді.

Мемлекеттік экологиялық сараптама бойынша келіп түскен 355 жобалық құжаттама қаралған. Департаменттің жанынан ірі жобаларды бірлесе қарайтын консультациялық-кеңесші орган болып табылатын мемлекеттік экологиялық сараптаманың Сарапшылық кеңесі құрылған. Есепті кезеңде ірі табиғат пайдаланушыларының және экологиялық қауіптілігі жоғары объектілер жобалары бойынша 9 отырыс өткізіліп, барлығы 25 жобалық құжаттама сарапшылық кеңесімен қаралды.

Департаментпен мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу барысында қолданыстағы кәсіпорындар үшін эмиссия нормативтерін айқындауда жобамен белгіленген көрсеткіштердің шектерінде соңғы 2-3 жыл үшін жабдықтың іс-жүзіндегі ең жоғарғы жүктемесі есепке алу, сонымен қатар іс-шаралар енгізу талабы қойылып, 2020 жылы жүргізілген сараптама нәтижесінің қорытындысымен 6271,68 тоннаға атмосфералық ауаға шығарындылар төмендетілді.

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар бойынша 2020 жылы (01.01.2020 ж.- 31.12.2020 ж.) қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін 109 өтінім қаралып, оның 98-іне рұқсат берілді.

Департаментпен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенінің аумағындағы қоршаған ортаны қорғау мәселелер туралы келісім құжаттарына, олардан туындайтын хаттамалар және ережелерге сәйкес экологиялық реттеу және бақылау жұмыстарын жүргізіледі.

Осы ретте, 2020 жылы «Байқоңыр» кешенінде қоршаған ортаны қорғау саласында 14 объектіге жоспарлы тексеріс жұмыстары жүргізіліп, анықталған 27 заң бұзушылықтарды жою жөнінде ұйғарымдар берілді. Жүргізілген тексеру нәтижелері, Байқоңыр қаласының прокуратурасына прокурорлық қадағалау шарасын жүргізу үшін жолданды.

Сонымен қатар «Инфракос» ШЖҚ РМК-мен «Байқоңыр» кешеніндегі пайдаланылмайтын объектілерді кәдеге жарату барысында пайда болатын құрылыс қалдықтарын, бетондарды ұсақтау арқылы екінші рет шикізат ретінде Байқоңыр кешеніндегі техногендік ойықтарды (карьер) қайта қалпына келтіру және рекультивация жұмыстары үшін қолданылуда.

Департамент қызметкерлері техногендік ойықтарды рекультивациялау жұмыстарының жүргізілу жағдайын бақылау мақсатында қарау жүргізді. «Братская» темір жол станциясы маңындағы карьерді ұсақталған құрылыс қалдықтарымен толтыру жұмыстары атқарылып, «3К» алаңының маңындағы карьерді бетон-қиыршық тас материалдарымен толтырып, топырақ қабатын төсеу жұмыстарына дайындық жүргізілуде.

Сондай-ақ, Ресей мемлекетімен жалға алынған алаңдарда орналасқан «Байқоңыр» қаласы мен Төретам кенті, Ақай ауылдық округінің маңайындағы рұқсат етілмеген орындарда орналасқан құрылыс және басқада қалдықтарды кәдеге жарату мәселесі Қызылорда облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөнінде 2020-2025 жылдарға арналған Жол картасына енгізілді.

2020 жылы облыс әкімдігі және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бірлескен келісімімен «Қызылорда облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі Жол картасы» бекітілді. Барлығы 7 бөлімнен, 52 тармақтан (іс-шаралардан) құралған Жол картасындағы іс-шаралардың іске асырылу мерзімдері «тұрақты» және «2020-2025 жылдар» аралығын белгіледі.

Қызылорда облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі Жол картасының іске асырылуы бойынша:

«Тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттар эмиссиясын қысқарту», «Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындыларын азайту», «Су ресурстарын реттеу», «Қалдықтарды басқару саласы», «Жасыл белдеуді дамыту, көгалдандыру және көркейту», «Қоршаған орта жай-күйіне мониторинг», «Ақпараттық жұмыс» бойынша іс-шаралар қарастырылған.

Қызылорда облысы бойынша

департаментінің баспасөз қызметі

39