• 20/01/2021

Әлем — ортақ

Әйелдерге әр беретін ҮШ сусын

Автор:Nurbike Qazi

Ноя 23, 2020

Гормондық тепе-теңдіктің қалыпты болуы әр адам үшін ерекше маңызды. Осы ретте әйелдерге көмегі көп, әр беретін, әрі гормондық ауытқулардан сақтайтын сусын түрлерін ұсмынбақпыз.

Лимон қосылған су. Қайнаған, сәл ыстықтау суға лимон (төрттен бір бөлігін) шырынын қосып ішу ағзаны токсиндерден тазарту арқылы артық салмақты кетіреді, иммунитeтті көтереді, ас қорыту мен тері түсі де жақсарады. Бұл сусынның құпиясы мынада: лимон қышқылы тоқтық гормоны – лептинге оңды әсер етеді. Оны белсендіру арқылы ағзада артық май жиналуынан сақтайды. Сусынды таңертең ашқарынға ішеді.

Таңқурай жапырағының шайы. Бұл әйел ағзасы үшін өте керек сусын. Ол жатыры суықтаған, түсік тастауға бейім, әлсіздік, қаназдық, ашуланшақтық мазалайтын, климакс ауыр өтіп жатқан, менструалдық цикл бұзылған қыз-келіншектер үшін таптырмас табиғи дәрмек. Таңертең кофе орнына ішсе күні бойы сергек жүруге септігі тиеді. Оны күніне 3-4 рет ішуге болады. Тек ұйқы алдында ішпеген жөн. Әзірлеу қиын емес: кептірілген таңқурай жапырағының 1 шай қасығын 1 стакан қайнаған суға салып, 10 минут тұндырса, шипалы шай дайын.

Сүт пен куркума. Сұлулық пен нәзіктікті сүйетін үнді халқының сүйікті сусыны, аюрведадағы әйел денсаулығы үшін аса маңызды саналатын қоспа. Ол әйел гормонының қалыпты болуына атсалысады, иммунитетті нығайтады, ас қорытуды жақсартады, суықтауға қарсы әсері бар. Әзірлеу түк те қиын емес, жаңа піскен ыстық сүтке жарты шас қасық куркума мен қалауыңызша бал қосып ішу керек. Мұны мейлінше ұйқы алдында ішкен дұрыс.

Жарас ҚАСЫМ

56

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *