Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Ортком алаңында брифинг берді. Басты тақырып — мемлекет басшысы жолдауы аясында Қызылорда облысының даму барысы.
Брифинг барысында «Қызылорда әуежайы халықаралық мәртебеге ие, алайда сапасы жергілікті стандарттарға да сәйкес келмейді. Жаңа әуе айлағын салу мәселесі бұрыннан көтеріліп келеді. Бұл оңай әрі қымбат жоба емес екені түсінікті. Ұшу географиясын кеңейту жоспарда бар ма?» деген сауал қойылды.

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, бұл жиі қойылатын сұрақ. Қазіргі әуежай аса бейімделмегенін айтты.
«Бірінші нұсқа — бұл әуежайды қайта құру: қосымша ғимаратты өзгерту. Бұл жұмыс жүргізілді, бірақ талқылау мен инвесторлармен келіссөздер қатар жүргізілді, инвесторларды іздеу белсенді жүргізілді. Жерлесіміз Болат Өтемұратовқа үлкен рахмет айтқым келеді, ол 3000 га жаңа әуежай салуды ұсынды, біз қазан айында мұнымен енді инвестор айналысатын болады деген меморандумға қол қойдық. Бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заманауи әуежай болады, жолаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Сағатына 300 адам жолаушылар ағынына есептелген. Ұшақтар тек ел ішінде ғана емес, сондай-ақ шетелдік рейстерге де шығады деп ойлаймыз. Барлық жағдай жасалатындықтан, «ашық аспан» режиміне қосылуға мүмкіндік туады», — деді әкім.
Құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталады.
