2023 жылы наурыз айында Фристайлдан Әлем кубогының Халықаралық шаңғы федерациясының (FIS) қолдауымен өтетін жыл сайынғы жарыс өтті. Әр спорт маусымының соңында жарыстын әр түрі бойынша Әлем Кубогының финалдық кезеңі өткізіледі.
Іс-шараға 150-ден астам команда өкілдері, оның ішінде 14 мемлекеттен 80-нен астам спортшылар қатысады деп жоспарланған. Қатысушы елдер: Австралия, Австрия, Германия, Канада, Қытай, Украина, Франция, Финляндия, Швейцария, Швеция, АҚШ, Жапония, Қазақстан және халықаралық шаңғы федерациясының (FIS) өкілдері мен төрешілері.
Могудан Қазақстан Республикасының атынан Аяулым Амренова, Антон Бондарев, Павел Колмаков шағады. Ал шаңғы акробатикасынан Жанбота Алдабергенова, Аяна Жолдас, Роман Иванов, Шерзод Хаширбаев шығады.
17,18,19 наурыз аралығында өтетін жарыста өз елімізге жанкүйер болып, қолдау көрсетейік.
Аяулым Дюсенова, студент
